×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қайрат Боранбаев жаңа лауазымға тағайындалды

01.11.2024, 22:22
Қайрат Боранбаев жаңа лауазымға тағайындалды
Ашық дереккөз

Қайрат Боранбаев Қазақстан футбол федерациясының атқару комитетінің мүшесі атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Астанада Қазақстан футбол федерациясының XXV конференциясы өтті. Оған ФИФА мен УЕФА, ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, аймақтық футбол федерацияларының делегаттары мен Атқарушы комитет мүшелері қатысқан.

Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, күн тәртібінде ҚФФ Жарғысына өзгерістер мен толтықтырулар енгізу, қаржы есебін бекіту және ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамын өзгерту туралы мәселелер қаралған. 

Жиын барысында Қайрат Боранбаев атқарушы комитет мүшесі атанған.

БОРАНБАЕВ ІСІ

Естеріңізде болса, 2023 жылдың 15 қыркүйегінде Астана қалалық сотының апелляциялық сот алқасы кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты «ҚазТрансГаз» АҚ жымқыру және ақшаны жылыстату ісі бойынша үкім шығарған. Ол мүлкі тәркіленіп, президентке оны мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныспен және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салумен алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайрат Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеп берді. Сондай-ақ Боранбаевтың компаниялары Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 миллион доллардан астам қаржы аударғаны белгілі болды.

2023 жылдың 16 қазаны мен 18 қазаны аралығында Қаржы мониторингі агенттігі Боранбаев мүлкінің мемлекетке өткені туралы хабарлады. Олардың ішінде құны 1,4 миллиард теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешені, кеңсе бөлмелері, сауда-ойын-сауық кешені, спорттық-сауықтыру жүйесі, «Қаражанбас Северный» кен орны, «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясы, сондай-ақ «Азия Газ Чунджа» газ таратушы зауыты бар. «KazTurboRemont Service Center» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу. 2023 жылғы 20 қазанда Ақмола облысы Зеренді аудандық соты Боранбаевтың жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырғаны белгілі болды.

Көп өтпей Боранбаевт бостандыққа шықты.