×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Кадр тапшылығы: Қазақстанда қандай дәрігерлер жетіспейді

02.11.2024, 10:30
Кадр тапшылығы: Қазақстанда қандай дәрігерлер жетіспейді
Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі медицина саласындағы кадр тапшылығына қатысты жағдайды баяндады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомствоның мәліметінше, елімізде анестезиолог-реаниматологтар (306), хирургтар (210), офтальмологтар (112), отоларингологтар (83), ангиохирургтер (44), акушер-гинекологтар (253) және неонатологтар (87) жетіспейді.

Астана (702 дәрігер), Алматы (497 дәрігер), Шымкент (234 дәрігер) қалаларында дәрігерлерге сұраныс жоғары.

«Ауылдық елді мекендер деңгейінде медицина қызметкерлеріне ең жоғары сұраныс Ақмола (116 дәрігер), Түркістан (135 дәрігер) және Батыс Қазақстан облысында (89 дәрігер) байқалады», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.

ТҮЛЕКТЕР ҚАЛАУЫ

Министрлік өкілі мұны қазіргі уақытта медициналық университет түлектерінің үштен біріне жуығы нақты бағыттар бойынша жұмыс істегісі келмейтінімен, одан қайта өз қалауларымен жеке медициналық ұйымдарға баруды қолайлы көріп жатқанымен түсіндірді.

Сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқыту мен жергілікті бюджет есебінен кадрларды даярлау арасында үйлестіру жоқ, бұл медицина қызметкерлерін тиімді жоспарлауға әсер етеді.