×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Әскерде жараланған Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тың деректер жарияланды

02.11.2024, 14:34
Әскерде жараланған Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тың деректер жарияланды
Ulysmedia коллажы

Әскерде жараланған Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеуші ауысты. Бұл туралы оның адвокаты Инга Иманбай әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІС ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

– Ербаян Мұхтардың ісі бойынша бірнеше жаңалығым бар. Біріншіден, менің соңғы “тергеу бір орында тұр” деген Бас прокуратураға шағымымнан кейін тағы да тергеушіні ауыстырыпты. Енді екі қылмыстық істі де, әскерилерге қатыстыны да, дәрігерлерге қатыстыны да Оңтүстік өңірлік Әскери-тергеу басқармасы басқарма бастығы полковник Э.С. Алибай жүргізетін болды. Тергеушінің лауазымы жоғары болғаны істің алдыға жылжуына ықпал ете ме, жоқ па, оны көре жатармыз.
Екіншіден, мені іс бойынша видеолармен таныстырған жоқ. Танысу үшін “іс бойынша деректерді жарияламау” туралы қолхат алғысы келді. Оған мен әрине келіскен жоқпын. Келесі шағымым осы факт бойынша болмақ. Себебі, ондай қолхатқа қол қойсам іс бойынша шындықты Сіздерге жеткізе алмай қаламын, – дейді ол.

Үшіншіден, сот-медициналық сараптама қорытындысы әлі шықпаған Тахир Халимназаровтың (сот медициналық сарапшы) қатысуымен болған сараптама қорытындысы обьективті болады деп үміттенеміз дейді ол.

– Қазірге жаңалықтар осы. Міндетті түрде басқа да өзгерістер болса, хабарлап тұрамыз. Ербаянның ісінің әділетіне тек қана қоғамдық бақылау арқылы қол жеткізе аламыз, – делінген жазбада.

ЕРБАЯННЫҢ ОҚИҒАСЫ

Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланда мерзімді әскери қызметте жүріп жараланған. Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбазды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмаған еді. Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан олар президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.

Ербаян Мұхтарды Түркияға Қорғаныс министрлігінің арнайы бортымен жеткізілді. Сарбаз Ыстанбұлға аман-есен жетіп, “Медикал-Парк” клиникасына жатқызылған. Ол дәрігерлердің қарауында қажетті ем қабылдап жатыр.