×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

40 жылқыны сатпақ болған әкелі-балалы барымташылар қолға түсті

03.11.2024, 13:33
40 жылқыны сатпақ болған әкелі-балалы барымташылар қолға түсті
©x.com/WTA

Қарағанды полицейлері мал ұрлығының алдын алу шараларының аясында 40 жылқыны көлікке артып, базарды бетке алған әкелі-балалы барымташыларды ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ЖЕЛІСІ

Күдіктілерді 2 қараша күні таңғы сағат 04:00 шамасында Қарағанды қаласына кіре берістегі мал ұрлығына қарсы бекетте тұрған полиция қызмектерлері байқап қалған. Олар 57 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан КамАЗ жүк көлігін тоқтатқан. Көлік ішінде жүргізушіден бөлек 57 жастағы азамат пен оның 29 жастағы ұлы да болған. Ал көлік бортында 40 жылқы болған.

ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ

Жүргізуші бұл жылқылардың 57 жастағы жолаушыныкі екенін айтқан, алайда жолаушыда жылқылар өзіне тесілі екенін растайтын ешбір құжат болмай шыққан. Олар жылқыларды Ақтоғай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен қалаға сатуға әкеле жатқаны анықталды. Жылқылардың нақты кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында көлік полиция бөліміне жеткізілді.

ӨЗ ЖЫЛҚЫСЫН ТАНЫДЫ

Криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды суретке түсіріп, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жолдап, кейін олар ауыл тұрғындары отыратын WhatsApp чатқа таратқан. Онда таратылған фотолардың нәтижесінде аудан тұрғындарының жылқысын бағатын бақташы өзіне тиесілі екі жылқыны таныды. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Қазіргі уақытта барлық жылқы Үштөбе ауылындағы үйлердің бірінің қорасына түсіріліп, ол жерге полиция қызметкерлері күзет қойды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің негізінде басқа да жәбірленушілерді және қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шараларды қолға алған.