×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Талғарда тағы шу шықты. Мемлекеттік рәміздерді қоқысқа тастаған

04.11.2024, 12:40
Талғарда тағы шу шықты. Мемлекеттік рәміздерді қоқысқа тастаған
Коллаж Ulysmedia.kz

Талғар ауданы, Еркін ауылында мемлекеттік рәміздер полигонға лақтырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды.

Бұл заңды бұзып қана қоймай, елімізге, оның рәміздеріне деген құрметке нұқсан келтіретін жол беруге болмайтын және қорлайтын әрекет. Жауапты органдарға тергеу жүргізіп, кінәлілерді тауып, жазалауды және мұндай жағдайдың қайталанбауын қамтамасыз етуді сұраймыз. Біз Талғар қалалық полиция департаменті мен Алматы облысы әкімдігінің тез арада шара қолданып, әділдікті қалпына келтіруге шақырамыз. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың абыройы мен мақтанышы. Оларды қорлау қатаң жазалануы керек! – делінген әлеуметтік желіде тарақан жазбада.

ПОЛИЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ

Алматы облысының құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне қорлық көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

“Аудандық полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел шараларды бастады. Кінәлілерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады”, – делінген полиция хабарламасында.

Естеріңізде болса, бүгін ғана Талғарда қылмыстық топ басшысы болды деген күдікпен «Хуторский» Хасан ұсталғаны туралы жазғанбыз.