×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазан айында суық су 25%, пойыз билеттері 13%-ға қымбаттаған

04.11.2024, 14:20
Қазан айында суық су 25%, пойыз билеттері 13%-ға қымбаттаған
Статистика бюросы

Ұлттық статистика бюросы қазан айында инфляцияның айлық деңгейі 0,9% құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫМБАТТАҒАН ҚЫЗМЕТТЕР МЕН ТАУАРЛАР

Ақылы қызметтердің бағасы – 1,4%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 1%, азық-түлік тауарлары 0,4% жоғарылаған.

Қымбаттаған ақылы қызметтер:
суық су – 25%
пойыз билеттері – 13%
ұялы байланыс – 5%

Азық-түлік емес тауарлар бағасы:
отын – 4,7%
тас көмір – 1,1%
киім мен аяқ киім – 0,9%

Азық-түлік тауарлары:
Қияр – 9,7%
Апельсиндер – 6,7%,
Жұмыртқа – 3,2%

Өңірлік бөліністе ең жоғары айлық инфляция Алматы қаласында – 1,7% (орташа республикалық деңгейден 0,8 п.т. жоғары), ең төменгі – Павлодар облысында және Астана қаласында – 0,4%-дан тіркелген.

ЖЫЛДЫҚ МӘН

2024 жылғы қазанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,5% құраған. Ақылы қызметтердің бағасы – 14,3%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 7,8%, азық-түлік тауарларының бағасы 4,9% жоғарылаған.

2023 жылғы қазанымен салыстырғанда тарифтер суық суға – 60,3%, орталықтан жылытуға – 33,6%, су бұруға – 26,9%, электр энергиясына – 22,9%, ыстық суға – 18,1%, қоқыс шығаруға 16,3% жоғарылаған.

Теміржолмен қатынау қызметі – 23,7%, байланыс – 17,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету 11,9% қымбаттады.

Ацетилсалицил қышқылының бағасы – 34,9%, белсендірілген көмірге – 23,9%, корвалол 18,3% өсті. Қияр 27,6%, қызанақ – 27%, зәйтүн майы – 23,1%, сарымсақ – 17,5%, картоп – 13,9%, кондитерлік өнімдер 12,6% қымбаттады.

Керісінше, жылдық мәнде қарақұмық жармасы – 21,9%, сәбіз – 16,2%, лимон – 11,6%, күнбағыс майы – 9,2%, құмшекер 5,2% арзандаған.