×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей Украинаға қарсы соғысқысы келетін шетелдіктерге азаматтық беріп жатыр

05.11.2024, 11:38
Ресей Украинаға қарсы соғысқысы келетін шетелдіктерге азаматтық беріп жатыр
ашық дереккөз

Ресей жылдың басынан бері Украинаға қарсы соғысына қатысқан 3344 шетелдікке Ресей азаматтығын берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл іс шетелдіктер мен олардың отбасына паспорт беруге рұқсат беретін Владимир Путиннің жарлығы негізінде жүзеге асқан.

Бұл туралы Ресей ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волк хабарлады.

Азаттықтың мәліметіне сай, аталған санға тек әскери қызметкерлер жата ма, әлде олардың жақындары да кіре ме, Волк оны нақты айтпаған. Путин Ресей армиясымен немесе ресейшіл әскери құрылымдармен бір жылға келісімшарт жасасқан адамдарды азаматтыққа қабылдауға рұқсат берген. Оған ұқсас заң 2022 жылы қабылданды.

Украинамен соғыс кезінде Ресейде әскери есепке тұрудан бас тартқан адамдардың азаматтығын тоқтатуға мүмкіндік беретін заң да қабылданды. Қыркүйекте Ресейдің ішкі істер министрлігі бұл заң орындала бастады деп хабарлады.

Ресей Украинадағы соғысқа мигранттарды 2022 жылы тарта бастады. Билік оларға ақшалай сыйақыдан бөлек, Ресей азаматтығын жеңілдетілген жолмен беруді уәде еткен. Соғысқа ерлермен қатар, аспаз, медбике болуға әйелдерді де тартты.