×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ауғанстанда балгерлікпен айналысқан 200-ден астам адам қамауға алынды

05.11.2024, 22:14
Ауғанстанда балгерлікпен айналысқан 200-ден астам адам қамауға алынды
Ашық дереккөзден

Ауғанстан билігі соңғы үш жылда теріс дуа жасап, балгерлікпен айналысты деген күдікпен 200-ден астам адамды қамауға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. tolonews.com-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігінің өкілі Сайф-уль-Ислам Хайбер мәлімдеді.

Көптеген Кабул тұрғындары тұтқындауды құптап, бақсылық пен көріпкелдік отбасылық қақтығыстарға әкелетінін және исламдық нормаларға қайшы келетінін айтты.

«Бақсылықпен айналысқандарды жинап, жазалаған дұрыс. Біз мұндай әрекеттермен айналысатындардың барлығын жауапқа тартуды сұраймыз», – дейді Кабул тұрғыны Надер Рохани.

Министрлiктiң қысымына дейiн мұндай әрекеттер көп жылдар бойы Ауғанстанның астанасында да, түрлi провинцияларында да ашық түрде жүргiзiліп келген.