×
$
466.08
538.56
5.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
466.08
538.56
5.65

Нұрайдың өлімі: прокурор соттан Шерхан Аймаханға қандай жаза сұрады

Бүгін, 16:45
Нұрайдың өлімі: прокурор соттан Шерхан Аймаханға қандай жаза сұрады
Ulysmedia

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесінде жарыссөз басталды. Прокурор соттан Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Мән-жай

Прокурор соттан Шерхан Аймаханға тағылған адам ұрлау, адам өлтіремін деп қорқыту және аса қатыгездікпен адам өлтіру туралы үш бап бойынша да кінәлі деп тануды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын беруді талап етті.

Енді жарыссөз барысында процеске қатысқан басқа тараптар сөз сөйлейді.

Өлтірмей тұрып аңдыған

Алдыңғы сот отырысында Нұрайға жасалған шабуылдың видеосы көрсетілді. Сот-медициналық сарапшының айтуынша, Нұрайдың денесінен 35 жарақат анықталған. Олардың барлығы қыздың көзі тірісінде салынған. Кейбір жарақаттардың тереңдігі 7-8 сантиметрге дейін жеткен.

Аймахан Нұрайды өлтіргенін мойындағанымен, қылмыс жасаған кезде «аффект жағдайында» болғанын алға тартты. Бұған дейін ол қыздың өзін бірінші болып пышақпен ұрғанын да айтқан.

Марқұмның отбасы сотталушыдан 10 млрд теңге моральдық және 14 млн теңге материалдық шығын өндіруді талап етіп отыр.

Тергеу нұсқасы бойынша, Аймахан Нұрайды өлтірмес бұрын аңдыған. Ол қызды ұрлап әкетіп, өзіне тұрмысқа шығуға мәжбүрлемек болды деп айыпталып отыр. Туыстарының араласуынан кейін үйлену тойы өтпегенімен, бірақ сотталушы марқұмды аңдуын қоймаған.

Бір күні ол Нұрайға 76 рет қоңырау шалған.