Қазақстан Республикасы Президенті мен Француз Республикасы Президентінің Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту туралы бірлескен дакларациясы қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Декларацияда 2008 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге сүйене отырып, Мемлекет басшылары екі ел арасындағы сенімді және тұрақты диалогты барлық деңгейде қолдағаны айтылған.
ҚЫСҚА-НҰСҚА
“Екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, 2022 жылғы 29 – 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің Парижге және 2023 жылғы 1 қарашадағы Француз Республикасы Президентінің Астанаға сапарларын жалғастыра отырып, мемлекеттер басшылары басымдықтағы мемлекетаралық қатынастарды күшейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткізу мақсатында оны тереңдетуге, кеңейтуге және әртараптандыруға деген өзара ұмтылыстарын растады”, делінген Декларацияда.
ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ЖӘРДЕМ БЕРУ
Сондай-ақ Президенттер жаһандық және өңірлік деңгейде бейбітшілікке, қауіпсіздікке және тұрақтылыққа жәрдемдесуге ортақ бейілдігін қайта білдірді.
ГЕОСАЯСИ АХУАЛҒА АЛАҢДАУШЫЛЫҚ
Одан бөлек Қ.Тоқаев пен Э.Макрон декларацияда Украинадағы жағдайға, оның гуманитарлық салдарына, сондай-ақ әлемдік экономика мен осал елдердің азық-түлік қауіпсіздігіне тигізетін әсеріне аса алаңдаушылық білдірген.
Декларацияда президенттер Әзербайжан мен Армения, Ауғанстан және Таяу Шығыс мәселесіне де алаңдаушылық танытып, БҰҰ аясындағы бейбітшілікті қолдау операцияларына қатысты барлық өңірлік және халықаралық мәселелер жөнінде өзара консультацияларды тереңдетуге деген ұмтылысын білдірген.
ҚАМТЫЛҒАН САЛАЛАР
Жалпы, Декларацияда, ғылым, білім, медицина, мәдени байланыс, спорт, қауіпсіздік, сыртқы саясат, көші-қон және т.б. өзекті салалар бойынша да бірлескен уағдаластықтар қамтылған.