×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Трамп тағы бір маңызды штатта жеңіске жеткені хабарланды

06.11.2024, 10:56
Трамп тағы бір маңызды штатта жеңіске жеткені хабарланды
economictimes

АҚШ-тағы президент сайлауында республикалық партия үміткері Дональд Трамп құбылмалы Солтүстік Каролина штатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Солтүстік Каролина штатында жеңіске жетпек. Агенттіктің болжамы бойынша, республикашыл кандидат 230 сайлаушы дауысына ие болады, ал оның қарсыласы, Демократиялық партия өкілі Камала Харрис 205 дауыс жинайды. Жеңіске жету үшін 270 дауыс қажет. Сайлаушылар алқасының құрамында 538 адам бар.

СОҢҒЫ ДЕРЕКТЕР

CNN де Солтүстік Каролинада бұрынғы президент Трамптың жеңіске жететінін болжап отыр. Соңғы деректер бойынша, Трамп 227 дауысқа, ал Харрис 153 дауысқа ие болған.

АҚШ аумағының басым бөлігінде дауыс беру аяқталды, қазір дауыстарды санау жүргізілуде. Солтүстік Каролинадан басқа, биыл құбылмалы штаттар ретінде Аризона, Висконсин, Джорджия, Мичиган, Невада және Пенсильвания танылған.

САЙЛАУ

АҚШ-та елдің 47-ші президентін сайлау өтіп жатыр. Қазіргі президент Джо Байден екінші мерзімге сайлауға қатыспау туралы шешім қабылдаған, сондықтан демократтар атынан вице-президент Камала Харрис кандидат ретінде ұсынылды.

Бүған дейін Edison Research компаниясының АҚШ-тағы алғашқы ұлттық экзит-поллына сәйкес, бүкіл ел бойынша сайлаушылардың 44 пайызы Трампқа оң көзқараста екенін айтса, 48 пайызы Харристі қолдаған. Алайда АҚШ-тағы сайлауда экзит-полл сайлау нәтижесін түпкілікті болжай бермейді. Әрі бұдан бөлек те экзит-поллдар нәтижесі жариялануы мүмкін.