×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Қазақстанда ЛГБТ-ның кәмелетке толмағандарға әсері тексеріледі

06.11.2024, 17:57
Қазақстанда ЛГБТ-ның кәмелетке толмағандарға әсері тексеріледі
Ulysmedia коллажы

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында қазір мүдделі мемлекеттік органдар ЛГБТ қозғалысының кәмелетке толмағандарға әсерін, оның әлеуметтік, психологиялық, медициналық және басқа да факторларын зерттеп жатқанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ  

Бектеновтің айтуынша, 2025 жылы аталған мәселе бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарланған. Қажетті зерттеудің бәрі аяқталғаннан кейін Қазақстанда ЛГБТ саласын реттеу бойынша қоғамдық талқы ұйымдастырылады. Бұл мәселе уәкілетті органдар мен Үкіметтің бақылауына алынған.

– Бірқатар елдің заңнамасы ЛГБТ-ны кәмелетке толмағандар арасында "насихаттауды" шектейтінін атап өткен жөн, алайда мұндай шаралар тек бұқаралық іс-шаралар тұрғысынан қарастырылады әрі бұл қозғалыстарды экстремистік деп жіктеумен байланысты емес, – деп түсіндірді Бектенов.

Премьер Қазақстанда үш бейресми бірлестік – "Калейдоскоп", "Feminita" және "KazFem" жұмыс істейтінін атап өтен. Олар дәстүрлі емес жыныстық бағдары бар әйелдердің құқығын қорғаумен және ЛГБТ қауымдастығына толерантты көзқарасты ілгерілетумен айналысады.

Биыл бұл бірлестіктер жергілікті биліктің алдын ала келісімінсіз акцияларды өткізген. Онысы Қазақстанның бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру тәртібі туралы заңнамасын бұзу ретінде қарастырылған. Осыған байланысты екі белсенді әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

МӘСЕЛЕНІ КІМ КӨТЕРДІ  

Аманат фракциясынан мәжіліс депутаты Ринат Зайытов бұған дейін елдегі ЛГБТ қауымдастықтары мен феминистік ұйымдардың белсенді қызметіне алаңдаушылық білдіріп, Бектеновке сауал жолдаған еді. Айтыскер ақын өзінің сауалын шегіне жеткен шыдамның, тапталудан төзімі таусылған намыстың, ащы дауысы деп түсінуді сұрады. Зайытов Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғалы есігінен доc та, дұшпан да еркін кіре бастағанын, доспен табысып, бауырымыз бүтінделді деп қуанғанымызбен, арам пиғылдарын іске асыруға келген дұшпандар, жанымызды ауыртып жүрегімізді жұлуға сәл қалып тұр деп мәлімдеді. 

Солардың бірегейі қазақ жастарын азғындатып, болашағымыздың тамырына балта шапқысы келетін әлемдік деңгейдегі жауыз ұйым – ЛГБТ мен феминита қауымдастығы. Аз ғана уақытта жастарымызды азғындыққа жетектеген жексұрын ұйымдар бүгінде мемлекеттің әрекетсіздігінен әбден басқа шауып, төске өрледі – дейді депутат.

Заитов құқық қорғау органдарын аталған ұйым өңірлерді аралап, кәмелетке толмаған ұл-қыздарға насихат жүргізгенде, митинг өткізгенде, оларға қарсы петиция шыққанда да еш әрекет етпеді деп айыптады.