×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ұлытаулық шенеуніктердің 2,6 млдр теңгеге жариялаған конкурстарынан шикілік шыққан

07.11.2024, 11:01
Ұлытаулық шенеуніктердің 2,6 млдр теңгеге жариялаған конкурстарынан шикілік шыққан
Көрнекі сурет

Жезқазған қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің ықтималды өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін және қиындататын заңсыз талаптарын анықтаған, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

ЖОЙЫЛҒАН КОНКУРСТАР

“Қала прокуратурасы жалпы құны 2,6 млрд теңгеден асатын 6 конкурстың күшінжойды, 15 лауазымды тұлғаға 904 540 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды” делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Жоғарыда аталған заңбұзушылықтар бойынша енгізілген ұсынуды тиісінше қарастырмағаны үшін қала әкімінің орынбасары, ТҮКШ бөлімінің басшысы және басқа да лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

“Нәтижесінде прокуратура мемлекеттік сатып алудың барлық қатысушыларына заңнамада көзделген тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етті” дейді прокуратура өкілдері.