×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

2024 жылы Қазақстанның Ұлттық қорынан 4,6 трлн теңгеден астам қаражат алынды

07.11.2024, 15:17
2024 жылы Қазақстанның Ұлттық қорынан 4,6 трлн теңгеден астам қаражат алынды
Ulysmedia коллажы

Қазақстан Қаржы министрлігі 2024 жылдың 10 айындағы Ұлттық қордың активінде қандай өзгеріс болғанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Жыл басында Ұлттық қорда 29,8 трлн теңге болған. Қаңтар-қазан айлары аралығында қор негізінен мұнай компанияларының салықтары (3,2 трлн теңге), сондай-ақ жерді сатудан, жекешелендіруден және активтерді басқарудан түскен инвестициялар (2,5 трлн теңге) есебінен 5,8 трлн теңгеге толыққан.

Осы кезеңге дейін Ұлттық қордан 4,6 трлн теңге жұмсалды: 2 трлн теңге кепілдендірілген трансферт ретінде алынса, 2,6 трлн теңге нысаналы трансферт ретінде аударылды. Сондай-ақ қорды басқаруға және аудитке 11,9 млрд теңге бағытталды.

2024 жылдың 1 қарашасына қарай қор 30,9 трлн теңгеге жетті. Былтыр осы күні қорда 27,4 трлн теңге болған.

ҰЛТТЫҚ ҚОР 

Бұған дейін Ұлттық банктің баспасөз қызметі алдын ала өтінімдер бойынша қараша айында Ұлттық қордан 1,2-ден 1,3 млрд долларға дейінгі мөлшерде валюта сату жоспарланғанын хабарлаған еді. Үкіметтің қазіргі жұмыс қарқынымен Ұлттық қорды 2030 жылға дейін 100 млрд долларға жеткізуге болады дегенге сенесіз бе деген сұрақты бұдан бұрын Ulysmedia.kz тілшісі мәжіліс кулуарында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке қойған.

– Өте өзекті мәселе. Әрине, ол бірнеше факторларға негізделген. Ең біріншіден, түсімдер мен алымдар балансы. Түсім аз, алынып жатқан ақша көп екеніне. Тек инвестициялық табыстың арқасында жалпы сомасы өсіп жатыр. Сондықтан, салық кодексінің аясында жаңа әрі батыл шешімдер болмаса, онда осындай қауіп бар, – дейді ол.

ТАҒЫ ДА ТРАНСФЕР

Бүгін премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров парламентке 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын таныстырған. Ол бойынша алдағы үш жылда Ұлттық қордан 2 трлн теңгеден алу көзделген. Осы отырыста Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мұнайға жатпайтын тапшылықтың жоғары күйінде қалғанын, жалпы тапшылықты жабу үшін бюджет – ұлттық қордың трансферттеріне сүйенетінін айтқан болатын.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қорды 2030 жылға дейін 100 млрд долларға жеткізуге тапсырма берген еді.