×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мүлік, көлік, алтын: қазақстандықтар шетелде неге иелік етеді

07.11.2024, 17:46
Мүлік, көлік, алтын: қазақстандықтар шетелде неге иелік етеді
Коллаж Ulysmedia.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылы қазақстандықтар қандай мүліктерін декларациялағанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕКЛАРАЦИЯ

Қазақстанда декларация тапсыру мерзімі аяқталды. Биыл жалпы декларациялау аясында жеке кәсіпкерлер, бизнесмендер мен олардың жұбайлары өз мүліктері туралы есеп берді. Жеке тұлғалардың кірістерін басқару бөлімінің басшысы Дина Құсайнова азаматтардың 99%-ы декларацияны электронды форматта тапсырғанын атап өтті.

БИЗНЕСМЕНДЕРДІҢ АКТИВТЕРІ

250.00 нысанындағы салық есептілігін, яғни «кіріс декларациясын» биыл шамамен 2,4 миллион адам тапсырған. Олардың ішінде 800 мың адам 17 триллион теңгеден астам қолма-қол ақша көрсеткен. 18 853 қазақстандық шетелде 24 541 жылжымайтын мүлік объектісіне ие. 6656 бизнесмен шетелде 7812 автокөлікке иелік етеді.

БАНК, БОРЫШТАР ЖӘНЕ АЛДЫН

МКК-нің мәліметтері бойынша, шамамен 9521 кәсіпкер басқа елдерде 14 676 банктік есепшотқа ие, ал 22 671 азаматтың дебиторлық немесе кредиторлық борышы бар. 5406 адам инвестициялық алтын бар екенін көрсеткен. 26 184 бизнесмен елде және шетелде 65 238 түрлі бағалы қағаздар мен қаржы құралдары бар екенін атап өткен.

"4939 адам сенімгерлік басқаруға берілген 6949 мүлік объектісін көрсетті. 4031 адам шетелде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін (5390 үлес) көрсетті.16 979 адам тұрғын үй құрылысындағы (шетелде де) 23 870 үлесті көрсетті", – деді комитеттегілер.

КОНТЕКС

Қазақстан жалпы декларациялауға кезең-кезеңімен көшуді жалғастырып жатыр. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүлікті декларациялауға жаңа азаматтық топтар –  заңды тұлғалардың басшылары/құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары міндеттелген. Бұл жаңашылдық миллиондаған қазақстандықтарға қатысты, өйткені соңғы мәліметтер бойынша ұлттық статистика бюросы елде шамамен 500 мың заңды тұлға, 1,6 миллион жеке кәсіпкер және екі миллионнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелгенін мәлім етті.