Бұл туралы үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексецй Цой мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссия халықты ревакцинациялау тактикасын қайта қарады. Осылайша, 8 желтоқсаннан бастап 6 айдан кейін вакцинацияны екі дозамен аяқтаған адамдардың бәрі, сондай-ақ коронавирус инфекциямен ауырған адамдар ревакцинацияланады», - деді Алексей Цой.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда елде ревакцинациямен 44 702 адам қамтылған.