×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазір ауыл әкімдері ештеңе шешпейді, оларда бедел жоқ – депутат

08.11.2024, 16:50
Қазір ауыл әкімдері ештеңе шешпейді, оларда бедел жоқ – депутат
Ulysmedia коллажы

Депутат Анас Баққожаевтың айтуынша, қазір ауыл әкімдерінде ешқандай бедел жоқ, себебі олар ештеңе шешпейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі талқыланған мәжілістегі қоғамдық палата отырысында Анас Баққожаев ауыл әкімдерінің құзыреті мәселесін көтерді.

– Меніңше, ауылдарда ештеңені өзгертудің керегі жоқ. Қазір бәрі жақсы. Неге жұмыс істемей жатыр? Әкімдерден бастайық. Қазір ауыл әкімдерінің беделі жоқ. Ешқандай беделі жоқ. «Сходқа» ешкім келмейді дейді. Әкімдер шақырады, адамдар келмейді. Жиналатыны он-ақ адам. Ал ауылда бір ас берсінші, құдайы тамаққа бәрі жиналады. Неге? Себебі ол жерде қызық. Әңгімелеседі, ой бөліседі. Бір-бірін тыңдайды. Тамағын жейді, себебі пайдасы бар. Әкімдердің жиналысына келмейді, өйткені пайдасы жоқ. Әкімдердің беделі де, құзіреті жоқ. Аудан әкімдері шақырып алады. Күнде жиналыс. Видеоконференция тұрса да, күн де жиын. Кедейдің кеңесі бітпейді дейді. Қашан ол әкім халықпен жұмыс істейді. Халық арызын жазады. Ал әкімнің ақшасы жоқ. Ол не шешеді? Халық сол үшін әкімге келмейді, – дейді 0л.

Оның айтуынша, әкімнің құзыретін күшейту керек. Мәслихатқа тиісіп керегі жоқ дейді ол.

– Оның да бірақ беделін көтеру керек. Бізде орталық компаниялардың филиалы бар. Неге мен оны мәслихатпен келіспеймін? Филиал директоры болып кім келеді? Ол біздің өңірді ойлай ма? Мәслихатқа неге сол құзіретті бермейміз? Мәслихаттың алдынан бір өту керек, – дейді ол.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 1 тамызда Қазақстанда 20 182 003 адам тұрады. 12,6 миллионнан астам адам қалаларда, ал 7,5 миллион адам ауылды жерлерде.