×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Тараздағы екі әйелдің өліміне қатысты тың деректер шықты

09.11.2024, 10:57
Тараздағы екі әйелдің өліміне қатысты тың деректер шықты
Ашық дереккөзден

Кеше Таразда кісі қолынан қаза тапқан әйелдер сол пәтерде бір жылдай бірге тұрып келе жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенек, марқұмдардың бірі – 46, ал екіншісі 54 жаста болған.

КӨРШІЛЕРІМЕН ТАТУ ТҰРҒАН

Олардың біреуі Таразға Алматы қаласынан келген. Көршілері әйелдер бұл пәтерде шамамен бір жылдай уақыт тұрғанын жеткізді. Олардың айтуынша, ешкіммен кикілжіңге бармаған және өзгелермен сыпайы қарым-қатынаста болған.

КҮДІКТІ КІМ

Әзірге әйелдерге қарсы кім және не себепті мұндай қатыгез қадамға барғаны белгісіз күйінде қалып отыр.

Ал полиция күдіктіні іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына Жамбыл облыстық полиция департаментінің тергеу-оперативтік тобы мен басшылығы барды. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін қажетті барлық тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялауға жатпайды», – деді Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Еске сала кетсек, кеше Тараздағы жалдамалы пәтерлердің бірінен зорлық белгілері бар екі әйелдің денесі табылған еді.