×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Вакцина алғандарға 16 мың теңгеден төленеді

09.12.2021, 08:48
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Украина президенті осындай заңға қол қойып отыр. Оған сәйкес, әрбір вакцинаны толық алған аталмыш ел азаматына 1000 гривен, яғни шамамен 16000 теңге төленеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Заң экономика министрлігіне коронавирустан вакцинациялау үшін украиндықтарға төлемдер жасауға «Е-қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 8 миллиард гривен бөлуді қарастырады», – дейді дереккөз.

Тиісті қаражат 19 желтоқсаннан бастап аударыла бастамақ.

Алайда, вакцинация үшін алынған ақшаны барлық дүниеге жұмсай беруге болмайды. Төлемді мәдени шараларға, спортқа немесе саяхатқа, яғни спортпен айналысуға, кинотеатрға, театрға, пойызға немесе ұшаққа билет сатып алуға жаратқан жөн.

Төлем жасау бағдарламасының екі мақсаты бар: шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ адамдарды коронавирусқа қарсы екпе жасатуға ынталандыру.

44 миллионнан астам адам тұратын, оның 12 миллионнан көбі толыққанды екпе қабылдаған Украинада, халқының 43,3%-ы вакцинацияның толық курсынан өткен Қазақстанға қарағанда қарқын төмен екені аңғарылады.

Серіктес жаңалықтары