×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

13.11.2024, 08:58
ІІМ ата-аналарға үндеу жасады
ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Polisia.kz-ге сілтеме жасап.

Ведомство жол бойындағы сырғанақтан сақ болуға шақырады.

– Құрметті ата-аналар! Қалың қардың түсуімен бірге балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөліңіз. Жолдың жанында шанамен сырғанау сияқты қысқы ойындар қауіпті болуы мүмкін. Балалар көбіне айналасындағы қатерді байқамайды және сырғанақтан тікелей жолға қарай шығып кетуі ықтимал. Бұл олардың жарақаттануына немесе жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін, – дейді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Сондықтан ІІМ балаларға негізгі қағидаларды түсіндіреді:

  • Тек тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүру керек;
  • Жолдың жанында ойнауға болмайды;
  • Жолды кесіп өту кезінде екі жаққа да қарау керек екенін үнемі еске салып отырыңыз.
  • Қыста балаларды жүргізуші көретіндей ашық түсті, көзге көрінетін киім кигізіңіз.

“Балаларымыздың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етейік! Сіздің жанашырлығыңыз бен қырағылығыңыз көптеген жазатайым оқиғалардың алдын алады” дейді Ақтоты Боранова.

Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері 13 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынып, елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялаған.