×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

Ер адам бұрын сотты болғаны үшін полицейлерге кектеніп, оларды бір-бірлеп өлтірмек болған

13.11.2024, 11:18
Ер адам бұрын сотты болғаны үшін полицейлерге кектеніп, оларды бір-бірлеп өлтірмек болған
Көрнекі сурет

Ауылдас полиция қызметкерін аса қатігездікпен өлтірген қостанайлық өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының тұрғыны демалыста жүрген ауылдасы – полиция қызметкерін тонау және өлтіру ісі бойынша айыпталған.

КЕК

Сотта заттай дәлелдерді зерттеу кезінде қылмыскер әрекетін алдын ала жоспарлағанын, жәбірленушінің кәсіби қызметіне кек қайтару мақсатында қылмысты айрықша қатігездікпен жасалғанын растайтын айғақтар табылған.

БҰРЫН СОТТАЛҒАН

Ер адам бұрын ұрлық және полиция қызметкерінің өміріне қастандық жасау бойынша сотталған болып шықты. Ол қылмыстық іс материалдарының көшірмелерін сақтап, әрбір құжаттағы лауазымды тұлғалардың аты-жөндерінің тұсына оларды қалай өлтіретінін жазып отырған. Мәселен тергеуші мен сарапшының аты-жөндерінің тұсына “пышақтаймын” деп жазса, Ұзынкөл ауданы полиция бөлімінің криминалисінің есімі дөңгелекп, жанына “пышақтаймын қаз” деген сөздер жазған. Ол мұны “пенитенциарлық мекемеде болғанда полиция қызметкерлеріне ренжігендіктен жасадым” деп түсіндірген.

СҰРАЛҒАН ҮКІМ

“Қылмыстың ерекше себебі, қатыгездігі, алдыңғы жазасын өтегеннен кейін тиісті қорытынды жасамауы, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы, басқа тұлғаларға зиян келтіруге деген тұрақты ниетінің болуы және заңға бағынушылық мінез-құлқының қалыптаспауы ескеріліп, мемлекеттік айыптаушы оны қоғам үшін қауіпті деп санап, оны өмір бойына оқшаулауды қажет деп тапты” делінген Қостанай облысы прокуратурасының хабарламасында.