×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақстандық мергендер нысана көздеуден Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды

19.09.2021, 16:31
Фото: olympic.kz

Шымкентте нысана көздеуден 14-ші  Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан командасы 12 алтын жеңіп алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі olympic.kz ресми порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық мергендер 12 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады. Екінші орынға 5 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған Өзбекстан командасы, үшінші сатыға 5 алтын және 3 күміс иеленген Индонезия құрамасы жайғасқан.

Азия біріншілігіне құрлықтың 10 мемлекетінен 176 спортшы қатысты. Командалар арасынан Кувейт құрамасы ғана жүлдесіз қалды.

Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері Ольга Довгунның айтуынша, бұл отандық мергендер үшін ең жоғарғы көрсеткіш.

«Біз Азия чемпионаты сынды ірі бәсекені өз жерімізде алғаш рет өткізіп тұрмыз. Осы орайда, аталған біріншілік ұйымдастыру жағынан да бізге үлкен тәжірибе болды. Құрлықтық дода өз елімізде өтіп жатқандықтан,  ересектер мен жасөспірімдер арасында толық құрам қатыстыруға, алдағы буынды да бір тексеріп алуға тырыстық. Азия чемпионатындағы нәтижеміз көңілден шығады. Қазақстан рекорды жаңарғанын көрдіңіздер. Жай ғана жаңарып қойған жоқ, мұндай нәтижемен әлемдік жарыстарда финалға өтіп, жүлдеге таласуға мүмкіндік бар», - деді ол.

Ересектер арасынан ел рекордын жаңартқан Ислам Усейновты ерекше атап өтуге болады. Жасөспірімдер арасынан Никита Шахторин көзге түсті. Ол да ел рекордына түзету енгізді.

Шымкентте өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшылар:

  1. Ислам Усейнов (жекелей сын, командалық сын, ҚР рекорды)
  2. Эльдар Иманқұлов (жекелей және командалық сын)
  3. Зухра Ирназарова (жекелей сын)
  4. Никита Шахторин (жекелей және командалық сын, жасөспірімдер арасында ел рекорды)
  5. Александра Ле (жекелей сын, жасөспірімдер)
  6. Салтанат Әзімбаева (жекелей сын, жасөспірімдер).
Серіктес жаңалықтары