×
508.05
534.82
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.05
534.82
5.06

Колумбия билігі кәмелетке толмағандарға некеге тұруға тыйым салды

15.11.2024, 10:04
Колумбия билігі кәмелетке толмағандарға некеге тұруға тыйым салды
womanadvice

Колумбия билігі өкілдер палатасы мен сенат арқылы балалардың некеге тұруына тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдады, деп жазады Ulysmedia.kz порталы The Guardian-ге сілтеме жасап.

ЗАҢ МАҚҰЛДАНДЫ

Сәрсенбіге қараған түні бес сағаттық қызу пікірталастан кейін заң шығарушылар 18 жасқа толмаған адамдарға үйленуге тыйым салатын «They are Girls, Not Wives» (Олар әйелдер емес, қыздар) деп аталатын заң жобасын мақұлдады.

– Біз балалардың жүйелі түрде зорлық-зомбылықұа ұшырап, жыныстық қанауға түскенін көргіміз келмейді. Колумбия тарихқа енді, өйткені біз сегізінші әрекеттен кейін алғаш рет балалар некесіне тыйым сала алдық, – деді "Қадір-қасиет және міндеттеме" партиясының конгрессмені әрі заң жобасының тең авторы Дженнифер Педраса.

Педреса бұл жаңалықты Колумбия үшін ұлдар мен қыздардың құқығын құрметтеу тұрғысынан ғана емес, бүкіл әлем үшін тамаша хабар деп атады.  

– Колумбияның балаларына қамқор болуымыз керек. Сондықтан біз Колумбияның балалар некесіне рұқсат етілген елдердің ұятсыз тізімінен шыққанына қуаныштымыз, – деп қосты ол.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРДЫҢ ПІКІРІ

Equality Now ұйымының кеңесшісі Сандра Рамирестің пікірінше, заңдағы бұл өзгерістер халықаралық стандарттарға сай келіп, балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Зерттеулер көрсеткендей, бала неке мен кедейшілік арасында тығыз байланыс бар, әсіресе ауылдық және байырғы қауымдастықтарда бұл мәселе өзекті болып қала бермек.

БАЛАЛАР НЕКЕСІНІҢ ҚАУІПТІ САЛДАРЫ

Сарапшылардың пікірінше, бала кезде тұрмыс құру білімді жалғастыруға, денсаулыққа және өз бетінше өмір құруға кедергі келтіреді.

Сенатор Мария Хосе Писарро: «Бұл қыздар өз болашақтарынан, оқу мүмкіндіктерінен және армандарынан айырылады», – деп ескертті.

Рамирес мемлекет енді осы заңды іске асыруы қажет деп санайды, Сонда ғана заңдағы өзгерістер нәтиже беріп, балалар мен жасөспірімдердің үні естіледі.

ТЫЙЫМҒА ҚОСЫЛҒАН 12-ШІ ЕЛ

Колумбия осы тыйымды енгізген Латын Америкасы мен Кариб теңізіндегі 12-ші ел болды. Бұл қатарда Гондурас, Пуэрто-Рико, Мексика және Доминикан Республикасы бар.

Заң елдің азаматтық кодексіндегі 137 жылдық олқылыққа нүкте қойып отыр. Бұрынғы заң 18 жасқа дейінгі жастарға ата-аналарының келісімімен некеге тұруға мүмкіндік берген. Кәмелетке толмағандар, егер олар екі жыл бірге тұрса, бейресми неке одағына кірді деп саналған.

Колумбияда 18 жасқа дейін үйленген 4,5 миллион қыздар мен әйелдер бар – бұл елдің әрбір төртінші тұрғыны. ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, олардың миллионы 15 жасқа дейін үй болған.

ИРАКТАҒЫ КЕРІ ЖАҒДАЙ

Жуырда Ирак билігі қыздардың неке жасын 9 жасқа дейін төмендетуді жоспарлап отырғанын жазғанбыз.

Бұл ұсынысты ультра консервативті шиит партиялары енгізіп, жеке мәртебе туралы заңдарды түбегейлі өзгертуге шақырды.

Заң жобасында тек некеге тұру жасын төмендету ғана емес, әйелдерге қатысты басқа да бірқатар шектеулер қарастырылған. Түзетулер қабылданса, Ирак әйелдері ажырасу, балаға қамқорлық және мұрагерлік құқықтарынан айырылады.

Ирактағы өзгеріске жағдайға байланысты мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай жауыздық әрекетті жазғырып, ал тиісті мемлекеттік органдар бақылауды күшейтуі керек екенін айтып, дабыл қаққан.

“Адам айтқысыз бұл қатыгездікке елдегі теріс діни ағымдардың жекелеген өкілдері елігіп кетудің алдын алу үшін тиісті мемлекттік органдар бақылауды күшейтуі керек!” деді ол.