×
493.85
519.04
4.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
519.04
4.97

Талғарда Шерзатты өлтірді деп ұсталған күдіктілердің ата-аналары шу шығарды

Талғарда Шерзатты өлтірді деп ұсталған күдіктілердің ата-аналары шу шығарды
Фото: видеодан скрин

Талғарда бір топ жігіттің қолынан мерт болған Шерзат Болаттың өліміне кінәлі деп танылған күдіктілердің ата-аналары шу шығарып, видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«БІЗДІКІ ҚАТЕ»

- Біз халықтан кешірім сұраймыз. Біздің балалар кінәлі. Бірақ Нұрқанат (ағасы) пен Қаржаубай (әкесі) да жауапқа тартылуы керек. Екі тарапты да әділ бағалауды сұраймыз. Мылтықты Нұрқанат (ағасы) көлігінен шығарып, жігіттерге қарай атты. Шерзат жағын жайдан-жай сындырып алды. Олар өздері пышақ пен мылтық алып шықты, сондықтан жігіттер көтерілді. Тағы да балаларымыз үшін кешірім сұраймыз. Біздікі қате. Бірақ егер олар арандатпаса, бәрі тыныш үйлеріне кетер еді. Шерзатты арнайы өлтіруге баратындай олар шакал емес, OПГ емес. Дарханнан қоңырау түскен кезде олар өздері дәмханада отырды. Барлығы осыдан басталды, - дейді олар.

ПІКІР ЖАЗУШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ

Алайда видео астына пікір жазған желі қолданушылары ата-аналарға қарсы шықты.

«Еліңнен, халкыңнан кешірім сұрайтын болсаңыз, міндет қылмай сұрауға да болады! Баланы өлтірді, ол ақиқат, кінәлілер міндетті түрде жазасын алатыны анық, Алла Тағала әділ! Мейлі мылтық алған екен, жағын сындырған екен, бірақ ол баланың әкесі мен ағасы оны өздерімен өздері істемейтін шығар, кім кімді провокацияға шақырғанын ойланып айту керек! Жағын сындырған болса значит были причины, тыныш қана алатын затын алып кетсе соңы осылай болмас еді, біреудің өмірін қиятындай олардың ешқандай хақылары жоқ!», «Қаржаубай, Нұрғанат адам өлтірген жоқ. Сіздердің балаларыңыз осыған дейін де қаншама рет істі болған. Үлкен жігіттер хотя бы анасы шырылдап, тиіспендерші дегенде мылтықпен ұрмай, пышақтамай кетіп калғанда», «Қаржаубай жігіт па дейсіздер құрметті тәтелер, сіздердің балаларыңыз жігіт па? Жігіт болса, ақ болса неге ең болмаса біреуі болсын ажыратпайды? Неге 102-ге звандамайды, олар тел алмаса рувд алыс емес неге барып шақырып келмейді балаларыңыз, Шерзатқа дейін де сотталған екен, сол үшін марқұм Шерзатты айтпаңыздар, тыныштық беріңіздер Алладан қорқып…», – деген секілді пікірлер толассыз жазылып жатыр.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады. Қайғы үстіне қайғыға душар болған Нұрымов әулетінің билікке қояр екі-ақ талабы бар.