×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Талғарда Шерзатты өлтірді деп ұсталған күдіктілердің ата-аналары шу шығарды

Талғарда Шерзатты өлтірді деп ұсталған күдіктілердің ата-аналары шу шығарды
Ulysmedia коллажы

Талғарда бір топ жігіттің қолынан мерт болған Шерзат Болаттың өліміне кінәлі деп танылған күдіктілердің ата-аналары шу шығарып, видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«БІЗДІКІ ҚАТЕ»

– Біз халықтан кешірім сұраймыз. Біздің балалар кінәлі. Бірақ Нұрқанат (ағасы) пен Қаржаубай (әкесі) да жауапқа тартылуы керек. Екі тарапты да әділ бағалауды сұраймыз. Мылтықты Нұрқанат (ағасы) көлігінен шығарып, жігіттерге қарай атты. Шерзат жағын жайдан-жай сындырып алды. Олар өздері пышақ пен мылтық алып шықты, сондықтан жігіттер көтерілді. Тағы да балаларымыз үшін кешірім сұраймыз. Біздікі қате. Бірақ егер олар арандатпаса, бәрі тыныш үйлеріне кетер еді. Шерзатты арнайы өлтіруге баратындай олар шакал емес, OПГ емес. Дарханнан қоңырау түскен кезде олар өздері дәмханада отырды. Барлығы осыдан басталды, - дейді олар.

ПІКІР ЖАЗУШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ

Алайда видео астына пікір жазған желі қолданушылары ата-аналарға қарсы шықты.

– Еліңнен, халкыңнан кешірім сұрайтын болсаңыз, міндет қылмай сұрауға да болады! Баланы өлтірді, ол ақиқат, кінәлілер міндетті түрде жазасын алатыны анық, Алла Тағала әділ! Мейлі мылтық алған екен, жағын сындырған екен, бірақ ол баланың әкесі мен ағасы оны өздерімен өздері істемейтін шығар, кім кімді провокацияға шақырғанын ойланып айту керек!

Жағын сындырған болса значит были причины, тыныш қана алатын затын алып кетсе соңы осылай болмас еді, біреудің өмірін қиятындай олардың ешқандай хақылары жоқ!», «Қаржаубай, Нұрғанат адам өлтірген жоқ. Сіздердің балаларыңыз осыған дейін де қаншама рет істі болған.

Үлкен жігіттер хотя бы анасы шырылдап, тиіспендерші дегенде мылтықпен ұрмай, пышақтамай кетіп калғанда», «Қаржаубай жігіт па дейсіздер құрметті тәтелер, сіздердің балаларыңыз жігіт па? Жігіт болса, ақ болса неге ең болмаса біреуі болсын ажыратпайды?

Неге 102-ге звандамайды, олар тел алмаса рувд алыс емес неге барып шақырып келмейді балаларыңыз, Шерзатқа дейін де сотталған екен, сол үшін марқұм Шерзатты айтпаңыздар, тыныштық беріңіздер Алладан қорқып…, – деген секілді пікірлер толассыз жазылып жатыр.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

Еске сала кетейік, Алматы облысында жас жігіттер 16 жастағы жасөспірімді өлтіріп, бұл іс үлкен резонанс туғызған. Марқұм дүкенде сауда жасап тұрған әкесімен ерегескен клиентпен төбелескен. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. 10-шы сыныпта оқитын Шерзат Болат ата-анасының дүкеніне кездейсоқ келген. Суық қарумен келген бұзақылар ешкімді аямапты.

Прокуратура Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты мәлімдеме жасап, «әділ тергеуге кепілдік береміз» деп ақпарат таратқан. Алайда тергеушілерге сенбеген марқұмның туған-туыстары көшеге шығып, әділдікті талап етті. Олар сол түні болған 13 адамның орнына 7 адамның ғана қамалғанына наразылық білдірді. 

Ulysmedia.kz күдіктілердің бірі таяуда қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеуі керек болғанын, екінші күдікті жауапкершіліктен жалтарып кеткенін анықтаған еді. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады. Оған қоса қанды оқиғаның орнынан видео тараған кезде марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов түңіліп, тіпті елден кетеміз деп мәлімдеген еді.

Осы оқиғадан кейін көп өтпей Алматы облысы Талғар қаласының әкімі мен орынбасары қызметінен босатылды. Ізінше, «Хутор» тобының лидері делінген Хасан Қасымбаевтың ағасы қызметінен кетті. Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов та қызметімен қош айтысты.

Талғардағы қанды оқиғадан аз уақыт қана бұрын Бауыржан Әленов Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне көтерілген. Ulysmedia.kz тілшісі Талғардағы қанды оқиға болып жатқанда облыстың қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның қызметте өсуі қаншалықты этикаға сай екенін білмек болған. Вице-министр жауаптан әбден жалтарды.