Бүгін Ұлттық Олимпиада комитетінің Паралимпиада спортын дамыту жөніндегі вице-президенті, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің туған күні, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қарағанды облысында туған. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт, экономика факультеттерін бітірген.
2002-2004 жылдары ҚР Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеген. 2003-2009 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде дене шынықтыру оқытушысы және құқықтану мамандықтары бойынша білім алған. 2011-2014 жылдары тау-кен істерінің бакалавры мамандығы бойынша ҚарМТУ-ін бітірген. 2014-2016 жылдары Қазақ спорт және туризм академиясының академиялық педагогика ғылымының магистрі дәрежесін алды. 2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша спорт менеджері мамандығын алды. 2004-2014 жылдары келісімшарт бойынша мерзімінен тыс әскери қызметте болды. 2010-2012 жылдары «Қазақстанның бокс федерациясы» ҚН ЗТБ-ның жаттықтырушы-оқытушысы, 2013-2014 жылдары «Қазақстанның бокс федерациясы» ҚН ЗТБ-ның спорт жөніндегі директоры, 2005-2013 жылдары бокс жөніндегі ҚР ұлттық командасының нұсқаушы-спортшысы, 2014-2017 жылдары «Astana Arlans» ЖШС бас директоры, 2017-2019 жылдары VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. 2019-2021 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Парасат», «Отан» ордендерімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.