×
495.95
524.37
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.95
524.37
4.98

“Ауру қалса да әдет қалмайды”. Желіде Перизат Қайратқа қатысты ақпараттар тарады

Бүгін, 13:49
“Ауру қалса да әдет қалмайды”. Желіде Перизат Қайратқа қатысты ақпараттар тарады
Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде еріктілер қозғалысының белсендісі, қайырымдылық қорының негізін қалаушы, бүгінде "қаржы жымқырды" деген айыппен күдікке ілінген Перизат Қайратқа қатысты тың әрі қызықты мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Instаgram”-дағы 112 Aktau парақшасы Перизат Қайраттың бірнеше жыл бойы Ақтау қаласында оқығанын жазып, оны танитын қыздың видеосын жариялады. 

Бейне материалда оны сырттай танитын қыз азғантай ғана уақыттың ішінде Перизат колледжде телефон, камера ұрлағанын, сол үшін оқудан шығарылғанын айтты.

“Ауру қалса да, әдет қалмайды” деп халқымыз бекер айтпаған екен ғой. Студент кезінде ұрлығы үшін оқудан шығарып жіберіп еді. Қазір қайтадан ұсталып жатыр екен”, дейді видеодағы бейтаныс қыз.

Оған сонымен қатар Палестина халқына көмек көрсету туралы есептерді ұрлады деген де айып тағылды.

Десек те, Перизат Қайраттың әрекеттері әлі қылмыс ретінде дәлелденген жоқ. Астана қаласындағы тергеу соты бүгін оның екі айға қамалғанын, тергеу әлі жүріп жатқанын мәлімдеді.

ОҚИҒА ЖЕЛІСІ

Еске сала кетсек, волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.

Сенбі, 16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайраттың Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады. Тергеу нұсқасы бойынша, Палестинаға деп жинаған ақшаға Перизат Қайраттың "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" қымбат көлігін, сондай-ақ БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" бренд бутиктерінің зергерлік бұйымдарын, сағаттары мен киімдерін сатып алған.

Сондай-ақ Ulysmedia.kz ресми ашық дереккөздер арқылы Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қоры жайлы мәліметтерге үңіліп көріп, қордың бірнеше құрылтайшысы барын анықтады.

Перизатпен бірге «Amanat» партиясының да аты қатар аталып, ел ішінде түсініспеушіліктер пайда болды. Осыған байланысты «Amanat» партиясының басшылығы өздерін «Biz Birgemiz» қорының құрылтайшысы саналмайтынын мәлімдеді.

Бұдан бөлек Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Перизат Қайрат ұсталған соң әлеуметтік желіде пост жазып, қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдіру керектігіне, барлық қазақстандықтарды қайырымдылық ұйымдарын мұқият зерттеуге және тек сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырды.

Қазақстан Республикасының пара үстел теннисі федерациясы да Перизат Қайрат ұйым президенті қызметінен босатылғанын мәлім етті. Бұл шешім 2024 жылдың 14 қарашасында Федерацияның кезектен тыс жиналысында қабылданған. Оған Перизат Қайраттың ұсталып, тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны себеп болған.