×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Бұрынғы полицей ер адамды өлімші етіп сабап тастаған

18.11.2024, 13:22
Бұрынғы полицей ер адамды өлімші етіп сабап тастаған
Көрнекі сурет

Батыс Қазақстан облысында бұрынғы құқық қорғау органы қызметкері ер адамды өлімші етіп сабап тастағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙЫ

18 қарашада әлеуметтік желілерде "СОБР қызметкері төбелес кезінде азаматтық тұлғаны өлтірді" деген хабар тараған.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, күдікті қылмыс жасаған кезде құқық қорғау органдарында қызмет етпегенін мәліімдеді.

“Тасқала ауылында ер адамға ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен азамат ұсталды. Жәбірленуші медициналық мекемеде көз жұмды. Инцидент ауызша жанжалдан кейін болған. Күдікті – құқық қорғау органдарынан теріс себептермен жұмыстан босатылған бұрынғы полиция қызметкері", – деп хабарлады департамент.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАР

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.