×
495.95
524.37
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.95
524.37
4.98

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді – Кірістер комитеті

Бүгін, 20:49
1 желтоқсаннан бастап Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді – Кірістер комитеті
Ашық дереккөзден

Биылғы 1 желтоқсанан бастап елімізге заңды тұлғалардың көлік құралдарын әкелу тәртібі өзгертілмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлаы.

“Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес, дайындалған күнінен бастап 3 жылдан аз уақыт өткен және КҚТМ негізінде әкелінетін көлік құралдарын КҚТМ-да көрсетілген, ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген ЕАЭО кедендік аумағына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімді ЕАЭО кедендік аумағына әкелу қағидаларының 10-тармағының б) тармақшасын қолдана отырып ресімделген тұлғалар ғана әкелуге құқығы бар”, делінген комитет хабарламасында.

Яғни жаңа ереже бойынша, Қазақстанға көлік құралдарын әкелетін заңды тұлғалар көліктің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын КҚТМ құжатына ие болуы тиіс.

Комитеттің хабарлауынша, бұл өзгерістер 2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.