×
487.02
552.23
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.02
552.23
6.51

Президент грантын алған журналистер белгілі болды

Бүгін, 16:44
Президент грантын алған журналистер белгілі болды
Фото: Ақорда

Журналистерге Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығы табысталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:

«Time kz» желілік басылымының бас редакторы – Руслан Фанилевич Бахтигареевке;

 «Egemen Qazaqstan» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі – Байқал Қайырлыұлы Байәділге;

«NewTimes kz» ақпарат агенттігінің фототілшісі – Әлібек Әбдубәкірұлы Ибраевқа;

«Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары – Қайрат Жанатұлы Мұсақұловқа берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:

«Baq kz» ақпарат агенттігінің аға тілшісі – Олжас Адайға;

«Хабар» агенттігі ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің редактор-сарапшысы – Ботагөз Бейсенбайқызы Айтжановаға;

контентмейкер, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы – Жазира Жомартқызы Байдалыға;

«Zakon kz» ақпарат агенттігінің тілшісі – Екатерина Алексеевна Елисееваға тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

«Астана» телеарнасының шығармашылық ұжымына;

«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына;

«Жас Алаш» газетінің шығармашылық ұжымына;

 «Abai kz» ақпараттық порталының шығармашылық ұжымына жарияланды.

Контекст

Айта кетейік, бұған дейін Президент грантының көлемі 3-5 миллион теңге екені айтылған.