×
491.37
570.48
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.37
570.48
6.78

«1 шілдеден бастап аулада көлік қоюға тыйым салынады»: ІІМ түсініктеме берді

Бүгін, 13:31
«1 шілдеден бастап аулада көлік қоюға тыйым салынады»: ІІМ түсініктеме берді
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда тұрғын үйлердің маңына автокөлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің түсіндіруінше, «Қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары» туралы бұйрықта мұндай жаңа шектеу қарастырылмаған.

Құжаттың негізгі мақсаты – қолданыстағы нормаларды Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкестендіру және абаттандыру саласындағы ережелерді жаңарту.

Айта кетейік, бұл талаптар бұрыннан бар және 2015 жылғы №235 бұйрықпен бекітілген ережелерде де болған, кейін 2024 жылғы өзгерістермен жаңартылған.

“Жаңа редакцияда азаматтарға үй маңындағы арнайы белгіленген тұрақ орындарында көлік қоюға тыйым салынбайды. Енгізілген өзгерістер тек нақтылау сипатында. Мәселен, үй іргесіндегі аумақта сақтауға болмайтын мүлік түрлері нақтыланып, оған автокөліктер, тіркемелер мен арбалар жататыны көрсетілген. Бұл ретте сөз автокөлік құралдарын пайдалануға немесе белгіленген орындарда қоюға тыйым салу туралы емес, ортақ пайдаланудағы іргелес аумақта мүлікті ұзақ уақыт сақтауға және үйіп қоюға жол бермеу туралы болып отыр.”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар бұл қағидалар жол қозғалысын реттеу немесе автотұрақтарды ұйымдастыру мәселелерін қамтымайды. Сондықтан тараған ақпараттағы «жаңа тыйым енгізіледі» деген тұжырымдар құжат мазмұнына сәйкес келмейді.

Министрлік азаматтарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары