Қазақстандық блогер Біржан Әшім «әріптестерінің» проблемалар мен саясат туралы неге айтпайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Бұны жай ғана өзіңде бар нәрсені жоғалтып алудан қорқу деуге болады. Бізде блогерлер өзін барынша жайлы сезінеді, ал болған жайтты көрген кезде олар ойлана келе «Сөгілгелі тұрған жіптің ұшын тартып нем бар? Менің бұл елдегі өмірім керемет қой» деген қорытындыға тоқтайды”, дейді блогер.
Әшім пікірін білдірген блогерлер халық алдында қаһарманға айналуы мүмкін, бірақ табысынан айырылуы да ықтимал екенін айтты.
Айта кетсек, Қазақстанда әлеуметтік желі қолданушылары блогерлерді саясатқа жоламайтынын, елдегі үлкен мәселелер кезінде үндемей қалатындарын жиі сынға алады.
Біржан Әшім - танымал Instagram және YouTube блогері, Вайнер және пранкер.