2-сыныптың оқулығында жүр делінген бір шумақ өлең желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Журналист Жолымбек Мәкіш 2-сыныптың әдебиет оқулығында жүр делінген бір шумақ өлеңді жариялады.
“Екінші сыныптың әдебиеті де кішкентай аспазшыларды даярлауға кірісіпті. Диқаншы, шаштаразшы, мергенші де бар дейді арасында” деп жазды журналист фейсбуктегі парақшасында.
Жұрт өлеңнің сапасы мен ондағы қатені сынап жатыр. “Модельшісіне тіпті сөзім жоқ”, “2 сиыр сатып алда соның сүтінің сат дегеннен шықты ау бақташы”, “келесі жылы өнерпазшы, әсемпазшы, шығып жатпасын” деген жұрт тақпақтың авторын іздеп, оқу-ағарту министрлігін түсінік беруді сұрап жатыр.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Ulysmedia.kz тілшісіне кейінірек пікір білдіретінін айтты.
Сынға іліккен өлең жолдары төмендегідей:
“Бір күні болдың азпазшы,
Болдың бірде бақташы.
Бірде болдың модельші,
Ұнамады басқасы.”