×
497.89
525.12
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.89
525.12
5

Белсенді Марат Жыланбаев тағы да аштық жариялады

Белсенді Марат Жыланбаев тағы да аштық жариялады
Коллаж Ulysmedia

Степногорск қаласының №4 мекемесінде қамауда отырған азаматтық белсенді және марафоншы Марат Жыланбаев тағы да аштық жариялады. Бұл туралы оның адвокаты Мейіржан Досқараев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Қорғаушының айтуынша, Жыланбаев 13 қарашадан бастап ұстау шарттарына наразылық білдіру үшін тамақ ішуден толық бас тартқан.

Адвокат белсенді санитарлық жағдайдың, тамақ сапасының нашарлығына және байланыс құралдарына, соның ішінде адвокат пен достарына қоңырау шалуға тыйым салғанына шағымданады деп мәлімдейді.

2023 жылғы қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Жыланбаевты қоғамдық-саяси қызметпен, оның ішінде БАҚ пен телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, үш жыл мерзімге айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Оппозиционер 258-бап бойынша 2 және ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі ("сот тыйым салған экстремистік ұйымды қаржыландыру және оған қатысу") боынша кінәлі деп танылды. 2024 жылғы 19 қаңтарда Астана қаласының соты Жыланбаевтың апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, үкімді өзгеріссіз қалдырды.

24 қаңтарда оппозиция үкім жойылғанға дейін аштық жариялады. 12 ақпанда ол денсаулығына байланысты аштықты тоқтатуға мәжбүр болды. 1 шілдеде сотталған оппозиционер Марат Жыланбаев басқа сотталғандармен төбелескеннен кейін ДИЗОҒА ауыстырылды.

ЖЫЛАНБАЕВҚА ШЫҚҚАН ҮКІМ 

Еске сала кетейік, биыл қаңтарда Астана қаласының қалалық соты Марат Жыланбаевтың апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарған еді. Ол инстанция Астана қылмыстық істер жөніндегі сотының Марат Жыланбаевты жеті жылға соттаған үкімін күшінде қалдырған. Белсендіге сотта «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты» және «терроризмді қаржыландырды» деген айыптар тағылған. 

Марат Жыланбаев бұған дейін де бірнеше рет аштық жариялаған. Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін оны босатып, оған тағылған айыптарды алып тастауға шақырған .

МАРАТ ЖЫЛАНБАЕВ ЖАЙЛЫ

Марат Жыланбаев – қазақстандық марафоншы, тіркелмеген "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясының төрағасы. Ол әлемдегі ең үлкен шөлдермен жүгірген жалғыз адам. 

Ол 1963 жылы 19 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. Жер шарының ең ірі шөлдері – Азия, Африка, Австралия және Америкада жүгірген жалғыз адам. Оның әрбір жүгірісі кем дегенде 1200 км құрады. Халықаралық ультрамарафон жарыстарының жеңімпазы және жүлдегері. Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген 7 әлемдік рекордтың иесі.