×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Өзбекстан билігі Қазақстан азаматтары үшін елге келу тәртібін жеңілдетеді

21.11.2024, 12:43
Өзбекстан билігі Қазақстан азаматтары үшін елге келу тәртібін жеңілдетеді
Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары қыркүйек айынан бастап iD-карталармен шекарадан өтуге мүмкіндік алған. Осындай жеңіл тәртіпті өзбек билігі енді Қазақстан және Тәжікстан азаматтарына енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстан Қазақстан және Тәжікстанмен ID-карта арқылы шекарадан өту тәртібін енгізуді жоспарлайды. Бұл туралы Олий Мажлистің заң шығару палатасында президент Шавкат Мирзиеев айтқан. Оның сөзінше, елдің жан-жақты дамуы үшін тиімді сыртқы саясат жүргізіп, достар мен серіктестер шеңберін кеңейтіп, жақын көршілермен өңірлік ынтымақтастықты тереңдету өте маңызды.

Мирзиеев Орталық Азия елдері арасындағы тату көрші қатынасын нығайтып, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – сыртқы саясаттың басым бағыттары болып қала беретінін атап өтеді.

– 2025 жылы елімізде "Орталық Азия бестігі" (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан) кездесуі өтеді. Ол "осы жолдағы тағы бір маңызды практикалық қадам болады, 1 қыркүйектен бастап Өзбекстан азаматтары ID-картаны (паспорттардың орнына) пайдалана отырып, Қырғызстанға еркін бара алады. Қазақстанмен және Тәжікстанмен осындай тәртіпті енгізу жоспарланып отыр, – деп мәлімдеді Шавкат Мирзиеев.