×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қарлы боран, көктайғақ, көшпелі бұлт: бүгін ауа-райы қандай болады

Бүгін, 08:23
Қарлы боран, көктайғақ, көшпелі бұлт: бүгін ауа-райы қандай болады
ашық дереккөзден

Қазгидрометтің синоптиктері жұма күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауып, аздаған боран болады, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел түнде облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, облыстың орталығында 15, күндіз 1-6 градус суық. Көкшетауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. 

Алматы облысының оңтүстігі, батысы, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады, жолдары көктайғақ. Солтүстіктен жел 9-14, облыстың батысында кейде екпіні секундына 18 метрге барады. Түнде ауа температурасы 0-5, облыстың таулы аудандарында 8 аяз, күндіз 0-5 жылы. Облыстың таулы аудандарында -5 градус аяз. Қонаевта күн бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстіктен жел 9-14, кейде екпіні секундына 18 метрге барады. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 2-4 жылы.

Түнде Жетісу облысының көп бөлігінде жауын-шашын болады. Күндіз облыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Өңірдің солтүстігі, облыстың таулы аймақтарында тұман, көктайғақ бар. Солтүстік-батыс жел 9-14, шығыста, облыстың таулы аймақтарында екпіні 15-20, күндіз секундына 25 метр. Түнде ауа температурасы 0-5, облыстың таулы аудандарында -8 аяз, күндіз 2 аяз. Облыстың таулы аудандарында -5 суық. Талдықорғанда көшпелі бұлт, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік-батыс жел секундына 5-10 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 1-3 жылы.

Түркістан облысында тауларда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман. Солтүстік-шығыс жел 8-13, таңертең және түстен кейін облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерінде секундына 15-20 метр. Түнде ауа температурасы -2 градус болса, күндіз 3 градус жылы. Солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -5 аяз, күндіз 8-13, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 5 жылы. Түркістанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. 

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде де аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жел екпіні оңтүстік-шығыс 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Түнде ауа температурасы -4 градус аяз. Облыстың батысында +4 жылы, күндіз +2 градус жылы. Оралда көшпелі бұлт, күндіз аздап жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұма түседі.

Атырау облысында күн жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс жел екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың солтүстігінде -3 аяз, күндіз 4-9 градус жылы. Атырауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. \

Маңғыстау облысында күн жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 9-14, батыста, солтүстікте, облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, күндіз 8-13 жылы. Ақтауда бұлт аз, жауын-шашынсыз. 

Ақтөбе облысында да күн жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыс жел секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -4-9, облыстың батысында -1 градус аяз. Ақтөбеде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -4-6 аяз, күндіз +2 жылы.

Қостанай облысында күн жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыс жел секундына 7-12 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -5-10, облыстың шығысында -13, күндіз -4 аяз. Қостанайда бұлт аз, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында аздаған қарлы боран болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соққан екпіні жел 9-14. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде -5-10, облыстың оңтүстік-батысында -13, күндіз -1-6 аяз. Петропавлда ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. 

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында түнде қар жауады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде қарлы боран болады. Ауа температурасы түнде -2-7 градус болса, облыстың батысында, оңтүстігінде -10 градусқа дейін барады. Павлодарда күн бұлтты, түнде қар жауады. Солтүстік-батыс жел секундына 9-14 метрді құрайды. Түнде ауа температурасы -3-5, күндіз -1-3 аяз.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, төменгі боран, күндіз облыстың шығысында аздаған қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде -5-10 градус, облыстың батысында -15 градусқа дейін аяз түседі. Күндіз -3-8 аяз, облыстың оңтүстігінде 2 градус жылы. 

Ұлытау облысында күн жауын-шашынсыз. Солтүстікте, шығыста, облыстың орталығында тұман бар. Жел солтүстік-шығыс, шығыс секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -4-9, облыстың солтүстігінде -12 аяз. Облыстың оңтүстігінде +2 жылы. Жезқазғанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Ауа температурасы түнде -2-7, облыстың солтүстігінде, шығысында -10-15 аязға барады. Облыстың солтүстігінде, шығысында -8 градус аяз. Өскеменде күн бұлтты, қар жауады. 

Абай облысында да қар жауып, боран соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай 9-14, батыста, солтүстікте, облыстың орталығында секундына 15-20 метрге ауысады. Ауа температурасы түнде -3-8 градус, облыстың батысында, шығысында -11 градус аяз, күндіз +2 градусқа дейін жылы. Семейде күн бұлтты, қар жауады. 

Қызылорда облысында күн жауын-шашынсыз. Түнде облыстың орталығында, солтүстігінде тұман болады. Ауа температурасы түнде 0-5 градусқа дейін суық. Күндіз облыстың оңтүстігінде +10 градус жылы. Қызылордада жауын-шашынсыз, бұлт аз. Түнде тұман. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстігінде, облыстың таулы аймақтарында тұман. Түнде ауа температурасы +2 градус жылы. Облыстың таулы аудандарында -6 градус аяз, күндіз +7 градусқа дейін жылы. Таразда бұлтты, жауын-шашынсыз.

Астанада синоптиктер көшпелі бұлт жүретінін хабарлайды. Түнде қар жауып, боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде 9-14, күндіз секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 3-5 аяз.

Алматыда күн бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 суық, күндіз 2-4 жылы.

Шымкентте жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт күтіледі. Түнде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 10-12 жылы.