Трамп пен Маскке наразы болған X қолданушылары Bluesky-ге жаппай көшіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БҰЛ ҚАНДАЙ ЖЕЛІ
Ең қызығы Bluesky логотипі X болғанға дейінгі Twitter логотипін еске түсіреді. Ол ребрендингке дейінгі Twitter-ге өте қатты ұқсас.
Дональд Трамптың АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісі цифрлық көші-қонның жаңа толқынын тудырды. Бұл жолы миллиондаған X қолданушылары Bluesky әлеуметтік желісіне ауысып жатыр. Оны кезінде Илон Маск сатып алған.
НАҚТЫ АЙТСАҚ…
Қарашаның алғашқы екі аптасында 2023 жылдың басында іске қосылған Bluesky пайдаланушыларының саны екі есеге өсіп, 20 миллионнан асты.
I’m moving to Canada («Мен Канадаға көшемін») – бұл тіркес либералдарға дауыс беретін және консерватордың сайлауына көңілі толмайтын америкалықтар арасында біраздан бері жүрген мем еді. Енді америка жұртшылығы Дональд Трамптың күтпеген жеңісінен кейін канадалық мемнің орнына I'm going to Bluesky («Мен Bluesky-ге кеттім») деген жаңа тіркес ойлап тапты.
ҚАШАН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Бұл әлеуметтік желінің (дәлірек айтсақ, микроблог платформасының) пайда болғанына екі жылға жуық уақыт болды. Дәл қазір саяси көзқарастарына байланысты «Twitter-ден кеткен босқындар» атанып кеткен қолданушылардың бірден көбеюінің арқасында Bluesky шамадан тыс танымалдылықты бастан өткеріп жатыр.
Bluesky-дің бета-нұсқасы 2023 жылдың басында іске қосылды. 2024 жылдың қыркүйегінде оның шамамен 9 миллион пайдаланушысы болды, ал 20 қарашада, Трамп сайлаудағы жеңісінен кейін екі аптадан кейін олардың саны 20 миллионнан асып, күніне миллион қолданушы қосылып отырды.
ТРЕНДКЕ ШЫҚТЫ
Сайлаудан кейін америкалық App Store-да бір аптаның ішінде-ақ Bluesky қолданбасы №1 болды және бұл тек қана америкалық тренд болып қалмады: келесі күні ол Ұлыбританияда бірінші орынға шықты. Ал қарашаның екі аптасында АҚШ-та бұл мобильді қосымшаны белсенді қолданушылардың саны алдыңғы 10 айдан 519%-ға, Ұлыбританияда 352%-ға артты.