×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Sputnik V»-нің «омикронға» қарсы тиімділігі сыналады

12.12.2021, 11:31
«Sputnik V»-нің «омикронға» қарсы тиімділігі сыналады
Фото: ашық дереккөз

Ресейлік Sputnik V вакцинасының «омикрон» коронавирус штаммына қарсы тиімділігі 10 күн ішінде сыналады, деп хабарлады ulysmedia.kz.

ria.ru-дың мәліметінше, бұл туралы Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді.

Бұған дейін Гамалея орталығы шетелден келген ресейліктерден «омикрон» штамының үлгісін бөліп алған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қараша айының соңындағы шұғыл жиналыстан кейін Оңтүстік Африкада табылған коронавирустың жаңа штамын алаңдаушылық тудыратын санатқа жатқызуға шешім қабылдады. ДДСҰ B.1.1.529 штаммын грек әрпі «омикрон» деп атады.