×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Қызылордада полиция майоры 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Қызылордада полиция майоры 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Фото: pixabay.com

Қызылорда облысында пара алды деген күдікпен полиция майоры ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘУЕЖАЙДА ҰСТАЛҒАН

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қызылорда әуежайында облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы 2 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.  

Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады. 

ЖҰМЫСТАН ҚУЫЛДЫ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен жеке қауіпсіздік департаменті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз әрекеттер жасағаны үшін полиция қызметкерін ұстады. Ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды, – делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Орал қалалық сотының төрағасы пара алу үстінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.