×
529.99
546.63
5.21
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.99
546.63
5.21

Шымкентте оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, екі курсант жараланды

26.11.2024, 22:38
Шымкентте оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, екі курсант жараланды
mk.ru

Шымкентте оқу-жаттығу шаралары кезінде екі курсант жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шымкент қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға граната жарылған кезде болған.

Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр, тергеу басталды.

«Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр», деп атап өтті департамент өкілі.

Екі курсант жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.