Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Каспий теңізінің жағасында итбалықтардың жаппай қырылуы жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мәжіліс кулуарында журналистермен кездескен министрдің айтуынша, 24-28 қазан аралығында 1155 итбалықтың өлімін тіркелген.
Оқиға орнына мамандар: ветеринарлар, экологтар, гидробиология және экология институттарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері барған. Патологиялық материалдарды қоса талдау үшін сынамалар алынған.
– Материалдар алынды, тырысқақ, оба және т.б. сияқты ауруларға қатысын анықтау үшін сынама алынды. Қорытындылар теріс. Біз күтеміз. Қалай болғанда да, әркім өзінше сөйлейді. Біреу мұның бәрі су астындағы жер сілкінісінен басталды, табиғи газдың шығуынан дейді. Күтейік. Қалай болғанда да, көп болжам бар. Біреу бұл ластанудың салдары дейді. Күнделікті тәртіпте біз ақпарат береміз. Күн сайын таңертең маған жағалаудан мәлімет баяндалады, Біз судың барлық сынағын аламыз, - деді ол.
ИТБАЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫРЫЛУЫ
Маңғыстау жағалауында өлі табылған итбалықтардың саны қарқынды өсіп, бұған дейін 300-ге жетіп қалғаны хабарланған еді. Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері, ихтиолог Әсел Баймұқанованың айтуынша, әсіресе Солтүстік Каспийге келгеннен кейін итбалықтардың өлексесі көбейген. Балық шаруашылығы инспекциясының мәліметі бойынша, 24-29 қазан аралығында Каспий теңізі жағалауынан 289 өлі итбалық табылған. Мекеме бұл оқиғаның себептері әлі белгісіз екенін айтып, жағалау аймағын бақылауды жалғастыруда.
Алдын ала нұсқа бойынша, итбалықтардың өлімі теңіздің ластануынан және олардың иммунитетінің төмендеуінен болуы мүмкін екенін жазған едік. Оның алдында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Маңғыстаудағы итбалықтардың жаппай қырылу себептерін әлі атай алмаған еді.