×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

Бозымбаев Жаңаөзендегі ереуілден хабардар, бірақ оны реттеу «құзіретіме жатпайды» деді

27.11.2024, 12:38
Бозымбаев Жаңаөзендегі ереуілден хабардар, бірақ оны реттеу «құзіретіме жатпайды» деді
Ulysmedia коллажы

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Жаңаөзенде бес талап қойып, ереуілге шыққан жұмысшылардың жайы жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БОЗЫМБАЕВ НЕ ДЕЙДІ

– Менің құзіретіме жатпайды. Бірақ мәселеден хабардармын. Конституциямызға сәйкес, әр адамның өз құқығын қорғауға құқығы бар. Бірақ осындай іс-шаралардың заңды-заңды емес жағын қарау керек. Екіншіден, нақты қандай талаптар қойып отыр? Олар заңды ма, заңсыз ба, әділ ме, емес пе? Ол мәселелерге ҚазМұнайГаз белсенді араласуы керек. Мәселесін қарауда оларда тиісті алгоритм бар. Содан кейін келесі деңгейде оны министрлік қарауы керек, – дейді ол.

Ulysmedia.kz тілшісі энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке бұдан бұрын Жаңаөзенде ереуілге шыққан жұмысшылардың жайы жөнінде сұрақ қойған еді. Жауапты қазақ тілінде жауап беруді өтінген. Министр жауап беруден бас тартқан болатын. Бұл қаншалықты дұрыс екені вице-премьер Қанат Бозымбаевтен сұралған. 

– Мен өз әріптестеріме баға бере алмаймын, – дейді Бозымбаев.

БЕС ТАЛАП

12 қарашада кешке Жаңаөзенде "Өзенмұнайгазға" қарасты "Бұрғылау жұмыстары басқармасы"(БЖБ) компаниясының жұмысшылары жұмысты тоқтатып ереуілге шыққан еді. "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" компаниясының жұмысшылары басшылыққа бұған дейін бес талап қойған. Сол талаптарынан айнымаған: 

  • ӨМГ зейнеткерлері мен денсаулығынан айырылған мұнайшылардың балаларын тікелей штатқа алу;
  • Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу;
  • Ұжымдық шартта 2013 дейін болған дербес еңбекақы төлеу жүйесін қайтару;
  • машинистер мен операторлардың дәрежесін көтеру;
  • 30% қосымша жалақы тәртібін төлеуді ұжымдық шартқа енгізу.

Осыдан кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясы «Өзенмұнайгаздың» наразы жұмысшыларының талабына жауап берген болатын.