×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

Араласпай кеткен досым өкпесін айтқанда отыра қалып жыладым – Алмат Сақатов

27.11.2024, 16:50
Араласпай кеткен досым өкпесін айтқанда отыра қалып жыладым – Алмат Сақатов
ашық дереккөзден

Актер Алмат Сақатов бір жылдары "жұлдыз ауруына" шалдыққанын мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Qazaqstan арнасына берген сұхбатында актер Алмат Сақатов бір жылдары «жұлдыз ауруымен» ауырып, досынан айырылып қала жаздағанын мойындады.

– Ол кезде досым көп. Бильярд ойнап отырғанмын. Айналада қыз-қырқын. Дастархан жаюлы, жігіттер қасыңда, арқаңнан қағып қояды, айтқан сөзіңнің бәрі күлкілі. Қазір ешкім күлмейді ғой. Ол кезде анегдот айтсаң құлай беретін. Сөйтіп отырған кезде Ержан Алматыға отбасымен келеді де маған қоңырау шалады. Мен алам «бұл кім?» деймін. Ержан «мен» дейді. «Қазір звандаймын» деймін де, ұмытып кетем, болды. Ал ол отбасымен Алматыға келеді. Жағдай нашар кез еді, – дейді ол.

Ержан досына Алмат сол күйі хабарласпай кеткен. Досы қатты өкпелеп қалған.

– Бес-алты жыл өкпелеп жүреді. Мен түсінбеймін. Жауап бермейді. Қоңырау шалсам, көтермейді. Содан кейін барып, біреулер «саған ренжіп жүр» деп айтты. Бір күні досымыздың қызының тойына барған кезде тура қарама-қарсы отырдым да, «не болды?» дедім. Ол мені сөзбен соқты. «Мынау болған, мынау болған» деп тұрып... Жыладым анау жерде отырып алып! «Ренжімеші, кешірім сұраймын» деп, – дейді ол.

Сол әңгімеден кейін актер досымен достасып, 15 жылдан бері бірге келе жатырмыз дейді.