Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің режим жөніндегі бөлім бастығының орынбасарына сотталған адамды азаптағаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ПРОКУРАТУРА МӘЛІМДЕМЕСІ
Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған үш жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды, – делінген прокуратура хабарламасында.
ҮКІМ
Сотталған «әділет майоры» арнайы шенінен айырылды және одан жәбірленушілердің өтемақы қорына тиісті төлемдер өндіріледі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.