×
498.55
524.28
4.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.55
524.28
4.75

«Бізді естіп жатқан жоқсыздар»: Алматы облысында тұрғындар наразылыққа шықты

«Бізді естіп жатқан жоқсыздар»: Алматы облысында тұрғындар наразылыққа шықты
Фото: видеодан скрин

Алматы облысындағы “Асыл Арман” тұрғын үй кешенінің тұрғындары ереуілге шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«НЕГЕ БІЗДІ ЕСТІМЕЙСІЗДЕР?»

Осыған дейін “Асыл Арман” тұрғын үй кешенінде мектеп автобусы 7 жасар баланы басып кеткен болатын. Бүлдіршін оқиға орнында қаза тапты.

Қайғылы жағдайдан кейін оқиға орнына тұрғын үй кешенінің тұрғындары жиналып, наразылық білдірді. Тұрғындар биліктен мектеп салып беруді, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі үшін жағдай жасауды талап етіп отыр.

Тұрғындарға жергілікті билік өкілдері келді.

ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ШАБУЫЛ

Сіздер бізді естіп жатқан жоқсыздар. Қанша рет хат жазды. Мына жерде кішкентай балалар жүреді, осы жағдайды күттіңіздер ме? Менің сегіз балам бар. Осы жағдайды естіген кезде жүгіріп келдім, менің балам ба деп ойладым. Неге бізді естімейміздер? – дейді тұрғындардың бірі.

Желіде тараған видеолардан жиналған тұрғындардың бірі әкімдік қызметкеріне шабуыл жасағанын да көруге болады.

Тұрғындар мектептің салынуын 10 жылдан бері күтіп жүргендерін айтады.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте жаңадан орнатылған электр бағаналары құлайын деп тұрғанын, себебі, олар әу баста дұрыс қойылмағанын, салдарынан тіпті тұрғындардың бірін тоқ соққанын жазған едік. Мамандардың жауапсыздығына ашынған жұрт наразылыққа шыққан болатын.