×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

Хакерлер «Астана Опера» экранын бұзып, Украина Туын орнатты: Жауаптылар не дейді

Хакерлер «Астана Опера» экранын бұзып, Украина Туын орнатты: Жауаптылар не дейді
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Астанадағы лэд-экрандардың бірінде Ресей туының орнына Украина туы қойылғаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

АҚАУЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ

Желіде тараған видеода “Астана опера” театы маңындағы лэд-экраннан көк және сары түсті Украина туын анық байқауға болады. Видеоның жазбасында мұның хакерлердің ісі екені жазылған. 

Алайда лэд-экранға жауапты “Керуен Медиа” компаниясы өкілінің айтуынша, бұл жағдай кабельдік ақауларға байланысты болған. 

МӘН-ЖАЙЫ

Сағат 16.30-да "Керуен Медиа" LED-экранында Ресей туының жоғарғы сегментінде бейнеленген кабель тұйықталып, ақ түс өшіп қалған, сондықтан электр қуаты жүктелген кезде түс реңі өзгеріп, жарқырайды. Осылайша, ұялы телефонмен түсіріліген видеоны көрген кезде қызыл түс көзге сары болып көрінеді, – дейді "Керуен Медиа" директорының техникалық мәселелер жөніндегі орынбасары Мұхтар Бекбосынов ҚазТАГ басылымына берген сұхбатында. 

Еске салсақ, бұған дейін елордада хакерлер «Астана Опера» экранын бұзып, Украина Туын орнатқанын жазған едік.