×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

Жүрекке өте ауыр тиді – әнші Айдар Тұрғамбек мектепке барып таңғалғанын айтты

28.11.2024, 14:21
Жүрекке өте ауыр тиді – әнші Айдар Тұрғамбек мектепке барып таңғалғанын айтты
ашы

Әншіні әкесіз балалардың көптігі алаңдатады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Qazaqstan арнасына берген сұхбатында әнші әлеуметтік тақырыптағы мәселелерге көбірек назар аудара бастағанын айтқан.

– Қазір байқасаңыздар, қазір ана, әке туралы әндерді айта бастадым. Жақсылықты насихаттағым келеді. Қазір қоғамдағы ажырасу мәселесі мені қатты алаңдатады. Статистиканы қарасам, Қазақстан әлемде ме, әлде Орталық Азияда ма, ажырасу жағынан екінші орында тұр екен. Өте ауыр қайғы-қасірет, – дейді ол.

Әнші 2200 бала оқитын бір мектепке барып, ол балаларының бір мыңының әкесі жоқтығын білген.

– Ол жүрекке өте ауыр тиетін нәрсе. Сол мәселені алға қоя отырып, мен қазір ажырасу тақырыбында ән жазып жатырмын. Мүмкін одан азаматтар пайда алар немесе алмас. Бір-екі адамға пайдалы болса да, мен соның өзін жеңіс деп ойлаймын. “Сүндет той” деген ән жаздым. Жетімдер туралы әнім бар. Өнер адамы болғаннан кейін қоғамға бір пайдамызды тигізгіміз келеді, – дейді әнші.

Айдар Тұрғамбек “Жігіттер” тобының мүшесі.