×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

Ресейді тарих бетінен тағы жойғысы келеді – Путин Астанада не деді

28.11.2024, 15:53
Ресейді тарих бетінен тағы жойғысы келеді – Путин Астанада не деді
РИА Новости

Астанада өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясында Ресей президенті Владимир Путиннің не дегенін Кремль ресми арнасында таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Владимир Путин ҰҚШҰ-дағы әріптестеріне өздері "арнайы әскери операция" деп атайтын соғыс аймағындағы жағдайды баян еткен. Ресейлік қару-жарағы жайлы егжей-тегжейлі хабарлаған.

Путиннің Астанадағы ҰҚШҰ сессиясы кезіндегі сәтінен (фото: Ақорда)

– Біздің жауынгерлер не үшін күресіп жатқанын, не үшін қан төгіп жатқанын жақсы біледі. Біздің тарихымызда бірнеше рет болғандай, біздің ұрпақтың мойнына Ресейді тағы бір рет жойғысы келетін күштердің жолына тосқауыл болу міндеті жүктелгенін олар біледі <...>. Біздің жігіттер отан үшін, Ресей мен балаларының болашағы үшін күресіп жатыр. Сондықтан Украина аумағына тіпті ең заманға сай қару жеткізілсе де, онысы майдан даласындағы жағдайды өзгертпейді, - деген Путин.

Ресей президенті Ресей әскерінде әртүрлі ұлт өкілдері барын айтқан.  

– Біреу крестпен дұға етеді, біреу Алладан көмек сұрайды, бірақ бәрі бірге алға жылжиды әрі оларды ештеңе тоқтата алмайды, - деген ол.

ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшылары Мәскеуге 2025 жылы 9 мамырда Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға шақырылған. ҰҚШҰ елдерінің әскері де Ресей әскери күштерімен бірге Қызыл алаңдағы шеруге қатысуы мүмкін.

УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС

Ресей 2022 жылғы 24 ақпанда көрші әрі бауырлас мемлекет – Украинаға басып кірген. Президент Владимир Путин кейінгі кезге дейін басқыншылықты “арнайы операция” деп атап, ондағы мақсаты орыс тілді азаматтардың құқығын қорғау екенін айтудан танбады. Түрлі сарапшылар шын мәнінде Путинге Украинаның өркениетті Еуропаға қарай бой түзеп, Еуро Одаққа, НАТО-ға қосылуды жоспарлау арқылы өзінің ықпалынан сусып бара жатқаны ұнамағанын айтады.

ПУТИННІҢ МАҚСАТЫ

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің басты мақсаты – Донецк пен Луганск облыстарынан тұратын Донбасты толығымен басып алу және Украинаның Курск облысындағы әскерлерін ығыстыру екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Путиннің Украина бойынша “бейбіт” жоспары елді үш бөлікке бөліп, оккупацияны жалғастыруды көздейтіні хабарланған.