×
499.51
525.83
4.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.51
525.83
4.62

Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегенованың туған күніне арнады

Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегенованың туған күніне арнады
Коллаж Ulysmedia

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Дубайдан сәлем жолдап, күні кеше алған марапатын рухани ұстазы – биыл 95 жасқа толып отырған бұлбұл әнші Бибігүл Төлегенованың құрметіне арнады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДИМАШ НЕ ДЕДІ

Құрметті Бибігүл Ахметқызы! Күні кеше алған кезекті марапатымды алдағы келе жатқан 95 жылдық мерейтойыңыздың қарсаңында, сіздің құрметіңізге арнауға рұқсат етіңіз. Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізге сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды-көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін. Құрметті #dears, құрметті жерлестер! Шын жүректен барлық құттықтауларыңызға көп рахмет айтқым келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді әнші.

DIAFA ЖҮЛДЕСІ

Еске салсақ, Димаш Құдайберген күні кеше беделді DIAFA жүлдесінің иегері атанған болатын. 

DIAFA (Distinctive International Arab Festivals Awards) — Дубайда жыл сайын өткізілетін халықаралық премия. Ол өнер, мәдениет, бизнес және гуманитарлық жұмыстарға қосқан үлестері үшін әртүрлі елдердің көрнекті тұлғаларын атап өтеді. Лауреаттар жетістіктері мен халықаралық сахнадағы ықпалы үшін таңдалады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салсақ, Димаш Құдайберген Прагада жанкүйеріне автограф беруден бас тартқан болатын. Жанкүйерлерінің бірі оған елінің туына қолтаңба жазып беруін өтінген. Әнші бас тартып, не үшін қол қоймағанын түсіндірді. 

Бұл – ту. Мен туға қол қоя алмаймын. Қазақстанның туы немесе басқа елдің туы болсын. Мен кіммін сонша? Мен туға деген құрметім үшін қол қоя алмаймын. Кешірім өтінем, – деді әнші жанкүйерлерінің ортасында.