×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

Тұман мен жел күшейеді: демалыс күндері ауа райы қандай болады

29.11.2024, 12:52
Тұман мен жел күшейеді: демалыс күндері ауа райы қандай болады
Ulysmedia/ЖИ

Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктердің дерегінше, тұрақсыз ауа райы сақталады.

“Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен: еліміздің солтүстік бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, 30 қараша, 01 желтоқсанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады деп болжануда” делінген Қазгидромет хабарламасында.

Тек елдің батысында жоғары атмосфералық қысымның аясында, айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа-райы басым болады.

Республика бойынша тұман мен желдің күшеюі күтілуде.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.